Malim.kz
Экология

28 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Арман Қайыпхан
Фото: unslpash

28 шілдеде Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

28 шілдеде Ақтөбе, Алматы, Балқашқалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Астанамен Қостанайдақолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап, бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ауаның ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы және ауа температурасы).

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде мынадай сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ уақыт болмау. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тартқан жөн;

өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық сырқаттары бар адамдар сыртқа шыққанда өздерімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі қажет;

ашық ауада денеге түсетін күшті азайтып, дене шынықтыру және спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан дұрыс.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары