Malim.kz
Экология

29 тамызда +38°С-қа дейін аптап ыстық болады

Арман Қайыпхан

Қазақстанда алдағы жұма, 2025 жылғы 29 тамызда ауа райы жауын-шашынды әрі ыстық болады. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК-ның болжамында айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Болжамға сәйкес, күндіз қатты ыстық күтіледі:

Батыс антициклонының ықпалымен Қазақстанның батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің басқа өңірлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағаймен жауын жауады, бұршақ пен қатты жел соғуы мүмкін. Республиканың көптеген аймақтарында жел күшейеді: оңтүстік-батыста және оңтүстікте – шаңды дауыл, ал солтүстікте түнгі және таңғы уақыттарда – тұман күтіледі", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Фото: unsplash

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары