Кувейтте бір жұп небәрі 3 минут некеде болып, бірден ажырасып кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.
Daily Star басылымының мәліметінше, оқиға неке қию рәсімі аяқталғаннан кейін бірден болған. Жас жұбайлар сот ғимаратынан шығып бара жатқан сәтте күтпеген жағдай орын алған. Қалыңдық сүрініп қалған кезде күйеу жігіт оны "ақымақ" деп атап, ренжіткен.
Бұл сөзден кейін қалыңдық қатты ашуланып, бірден сотқа қайта кіріп, некені бұзуды талап етеді. Судья өтінішті тез арада қанағаттандырып, некені жою туралы шешім шығарады. Осылайша олардың некесі небәрі бірнеше минутқа ғана созылған.
Бұл оқиға жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, "әлемдегі ең қысқа неке" ретінде талқыланды.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай жағдайлар кей елдердің заңнамасында мүмкін. Мәселен, Түркия заңдары бойынша некені бұзу туралы талап арызды бірден беруге болады. Алайда өзара келісім арқылы ажырасу үшін неке кемінде бір жылға созылуы тиіс, сондықтан сол күні-ақ ажырасу мүмкін емес.
Еске сала кетейік, бұған дейін Таиландтың солтүстігіндегі Лампхун провинциясында Daily News online журналистері карен халқынан шыққан ең ұзақ жасаған адамды анықтаған еді.