Malim.kz
Әлем

"3 мың жыл кетті": Мысырда Газада атысты тоқтату туралы келісімге қол қойылды

Арман Қайыпхан

Мысыр, Катар және Түркия өкілдері, сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп қатысқан «Бейбітшілік саммитінде» Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойылды. Саммит Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Жиынға барлығы 19 мемлекет пен үкімет басшысы қатысты. Олардың арасында Германия канцлері Фридрих Мерц те бар. Алайда Израиль мен ХАМАС (ЕО мен АҚШ-та террористік ұйым ретінде танылған) келісімге қол қою процесіне қатысқан жоқ.

«Бұған 3 мың жыл қажет болды, бірақ енді Таяу Шығыста бейбітшілік орнайды. Газа жөніндегі келісім ресми түрде қол қойылды», – деді АҚШ президенті Дональд Трамп саммит барысында.

Фото: Reuters

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары