Malim.kz
MALIMet

3 қазан әлемде қандай күн?

• Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Күнтізбедегі әр күннің өзіндік мәні бар. 3 қазанда әлемнің бірқатар елінде мемлекеттік мерекелер аталып өтсе, халықаралық күнтізбеде салауатты өмір салты мен шығармашылыққа арналған ерекше күндер кездеседі. Бүгінгі күнге қатысты қызықты даталарды жинақтадық, деп хабарлайды Malim.kz.

Дүниежүзілік ішімдіктен бас тарту күні

3 қазанда Дүниежүзілік ішімдіктен бас тарту күні (World Temperance Day) аталып өтеді. Бұл күн адамдарды алкогольден бас тартуға, денсаулыққа пайдалы әдеттерге көңіл бөлуге үндейді. Халықаралық мерекелер күнтізбесінде бұл дата жыл сайын 3 қазанға белгіленген.

Қолдан ашықхат жасау күні

2026 жылы 3 қазанға Дүниежүзілік ашықхат жасау күні (World Card Making Day) да сәйкес келіп отыр. Ол жыл сайын қазанның алғашқы сенбісінде өтеді. Бұл күні адамдар жақындарына өз қолымен ашықхат жасап, жылы лебізін ерекше тәсілмен жеткізеді. 

Смузи күні

3 қазанда Global Smoothie Day да аталып өтеді. Бұл бейресми күн жеміс-жидек пен көкөністен түрлі сусын дайындауға және күнделікті ас мәзіріне пайдалы өнімдерді көбірек қосуға үндейді. 

Германияның бірлігі күні

Германия үшін 3 қазан – маңызды мемлекеттік мереке. 1990 жылғы 3 қазанда Германияның қайта бірігуі ресми түрде жүзеге асты. Содан бері бұл дата Германияның бірлігі күні ретінде ұлттық деңгейде аталып келеді.

Оңтүстік Кореяның негізі қаланған күн

Оңтүстік Кореяда 3 қазан – Ұлттық мемлекеттің негізі қаланған күн, яғни Gaecheonjeol. Бұл мереке корей халқының мемлекеттілігінің бастауын білдіретін көне аңызбен байланысты. 2026 жылы да 3 қазан Оңтүстік Кореяда мемлекеттік мереке саналады. 

Ирактың тәуелсіздік күні

Иракта да 3 қазан – ұлттық мереке. Дәл осы күні 1932 жылы елдің Ұлыбритания мандатынан тәуелсіздігі танылып, Ирак егемен мемлекет ретінде Ұлттар Лигасына қабылданды. Сондықтан 3 қазан ел тарихындағы маңызды даталардың бірі саналады. 

Айта кетейік, 2026 жылғы 3 қазан – сенбі. Бұл жылдың 276-күні, ал жыл аяқталғанға дейін 89 күн қалады. 

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары