Malim.kz
Экология

3 тамызға арналған ауа райы болжамы

Арман Қайыпхан
Фото: iStock

Синоптиктер бүгінгі күнге ауа-райы болжамын жасады., деп хабарлайды Malim.kz.

Дауылды ескертулер:

Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірлерінде қолайсыз ауа райы жағдайлары күтіледі.
Жоғары және төтенше өрт қаупі Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында сақталады.

Қатты ыстық Абай, Жетісу, Ұлытау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Атырау облыстарында болады деп болжануда.

Жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Алматы облыстарында күтіледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары