Malim.kz
Қоғам

30-дан астам су нысаны мемлекетке қайтарылды

Malim Админ

Жыл басынан бері 32 гидротехникалық құрылыс коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қайтарылды. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.  

31 суару каналы мен 1 бөгеттің барлығы Жамбыл облысында орналасқан.

Қазіргі уақытта еліміздің басқа өңірлеріндегі су шаруашылығы нысандарын республикалық меншікке қайтару бойынша жұмыстар белсенді жүріп жатыр. Министрлік еліміздің су инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмысты бастаған. Президенттің тапсырмасы аясында 2030 жылға дейін су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау бойынша кешенді жоспар әзірленді.

«Жоспарда 44 су қоймасын салу, 76 гидротехникалық құрылысты, 5321 шақырымнан астам ирригациялық жүйені қайта жаңарту, сондай-ақ 3230 тік дренажды ұңғыма бұрғылау көзделген», - дейді ведомство.

Бүгінде 114 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары