Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында және басқа да өңірлерде ауа температурасы +40…+44°C-қа дейін көтеріледі. Жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Malim.kz.
Қызылорда және Түркістан облыстарында шаңды дауыл мен қатты жел күтіледі. Жел екпіні 20–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Елдің бірқатар солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер.
Дауылды ескертулер сақталады:
30 шілдеде Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, 30 шілде - 01 тамызда Маңғыстау облысында қатты және өте қатты ыстық сақталады.
30-31 шілдеде Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында қатты және өте қатты ыстық күтіледі.
30 шілде - 01 тамызда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 30 шілде - 02 тамызда Қызылорда, Түркістан облыстарында қатты ыстық күтіледі. Қатты және өте қатты ыстық болжамына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.
30 шілдеде күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. 30 шілдеде күндіз облыс бойынша 40-44 градус ыстық күтіледі. 30 шілдеде облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 30 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Алматы қ.: 30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 30 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 35 градус. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде күндіз Ақмола облысының солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде түнде Қостанай облысының солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
30 шілдеде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде 38-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде күндіз Қарағанды облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде күндіз Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында екпіні 18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Күндіз 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, солтүстігінде, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
30 шілдеде Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.