Malim.kz
Экология

30 желтоқсанда 16 өңірінде дауыл болады

Арман Қайыпхан
Фото: pexels

Астанада және Қазақстанның 16 облысында 30 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. 

Түнде Түркістан облысының батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады, күннің бірінші жартысында облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың тау асуларындағы екпіні 23 м/с дейін жетеді. Шымкентте 30 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 30 желтоқсанда түнде қатты жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Маңғыстау облысыныңоңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі.

Түнде Ұлытау облысында, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Жезқазғанда 30 желтоқсанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 30 желтоқсанда қар бұрқасындатады, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда 30 желтоқсанда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді, кей уақыттарда тұман түседі деп болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні - 15 м/с.

Түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.Ақтөбеде 30 желтоқсанда кей уақыттарда тұман түседі деп болжанады. 

Батыс Қазақстан облысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 30 желтоқсанда қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Күндіз Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, облыстың батысында, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Павлодарда 30 желтоқсанда күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Абай облысыныңоңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Жарма ауданында,ы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 30 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде 30 желтоқсанда жел оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.

Қостанай облысында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, солтүстігінде қалың қар түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда 30 желтоқсанда қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар),, көктайғақ, тұман болады, бұрқасын жүреді, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Көкшетауда 30 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қонаевта 30 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 15-20 м/с.

Астанада 30 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 15-20 м/с.

30-31 желтоқсанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 30 м/с дейін жетеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары