Malim.kz
Қоғам

300 мыңға жуық спортшының деректері тарап кеткен. Спорт министрлігі ақпаратты растады

Айбын Атабай
pixabay.com

Билік 286 000 қазақстандық азаматтың деректері тарап кеткенін растады. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Туризм және спорт министрлігі қазақстандық спортшылар мен жаттықтырушыларға қатысты жеке деректердің ірі көлемде тарап кетуін растады.

"Қазір уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп ішкі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша қосымша ақпарат ресми түрде беріледі", – деді туризм және спорт вице-министрі Бауыржан Рапиков.

1414 SMS кодтары енді қолданылмайды: Цифрлық даму министрлігі жеке деректерге қол жеткізу үшін жаңа ереже бекітпек

Алайда туризм министрлігі де, цифрлық даму министрлігі де хакерлік шабуылдың салдары, одан кейін қандай шаралар қабылданғанын айтпады. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары