Malim.kz
Қоғам

31 мамырда бірқатар өңірде аптап ыстық, найзағай күтіледі

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

31 мамыр күні Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, бірқатар облыстарда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. Сонымен қатар көптеген өңірде аптап ыстық сақталып, өрт қаупінің деңгейі жоғары болады.

Ұлытау, Павлодар, Жетісу және Алматы облыстарында күндіз ауа температурасы 32-38 градусқа дейін көтеріледі. Жезқазған, Талдықорған, Қонаев және Павлодар қалаларында да қатты ыстық болжанып отыр.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде найзағай мен бұршақ жаууы ықтимал. Ал Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсуі болжанған.

Абай және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл соғады. Сонымен қатар бұл өңірлерде аптап ыстық пен жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Алматы облыстарының бірқатар аумақтарында жоғары және төтенше өрт қаупі жарияланған.

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары