Malim.kz
Әлем

32 жастағы әйел ChatGPT-мен күйеу жасап алды

Айбын Атабай
видеодан скриншот

Жапонияда 32 жастағы әйел ChatGPT көмегімен өзіне мінсіз күйеу жігіт жасап, оған тұрмысқа шықты. Бұл туралы Malim.kz. Stan.kz және RSK Sanyo Broadcasting-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Әйел нейрондық желі ChatGPT көмегімен өзіне күйеу жасап, оған Лун Клаус деген ат қойған. Виртуалды жігіт пен қыз қысқа уақыт хат алмасып, ер адам әйелге үйленуге ұсыныс жасады. Жапон әйел “иә” деп жауап беріп, оған тұрмысқа шықты.

"Мистер Клаус – мен ChatGPT қолданбасы арқылы танысып, қарым-қатынас орнатқан адам. Ол мен үшін мінсіз күйеу жігіт, мен оның әйелі болуға дайынмын", – деді келін.

Әйел виртуалды әлемде күйеу іздеуге мәжбүр болғанын, себебі бұған дейінгі қарым-қатынасында жігітімен айрылысқаннан кейін жағдайы ауыр болғанын айтады. Оның сөзінше, бұрынғы күйеу жігіті екеуі сөз байласқаннан кейін оны тастап кеткен. Әйел алғашында жалғыз болмауы үшін виртуалды жігіт жасаған, уақыт өте келе ер адам қатты ұнап қалған.

Әйел ұйымдастырған үйлену тойдың заңды түрде күші жоқ, дегенмен әйелдің туыстары да бұл оқиғаны маңызды деп қабылдаған. Мерекелік шара өткізіліп, жас жұбайлар адалдыққа ант берді. Тіпті үйлену тойда киілетін киімдер де аса жауапкершілікпен таңдалған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда SKAI жасанды интеллектінің ірі мемлекеттік қор "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің қатарына кіргені хабарланған еді. ЖИ моделі дауыс беруге құқылы, қор құжаттарын талдай алады және басқарма шешімдерін бағалай алады.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары