Malim.kz
Сұқбат

33 миллионға ПТР-тесттерді сатпақ болғандар ұсталды

Malim Админ

Коронавирусты анықтауға арналған ПТР-тесттерді заңсыз сатпақ болған алматылықтар ұсталды, - деп хабарлайды Malim.kz  cайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме беріп.

"7 шілдеде ҚР ҚМ Қаржы бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Алматы қалалық ІІД және МКД қызметкерлерімен бірлесіп, медициналық ПЦР-тесттерді (COVID-19) кәсіпкерлік қызметке рұқсат беретін құжаттарсыз сатуды ұйымдастырған адамдарды ұстады.

Ұсталғандар жалпы сомасы 32 900 000 теңге болатын жеті мың ПЦР-тестін заңсыз жүзеге асырғаны анықталды. Тексеру барысында автокөлік анықталып, ҚХР шығарған 2 225 ПЦР-тест тәркіленді", - деді Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары