Қазақстанда жаңа оқу жылына бірінші сыныпқа қабылдау жалғасып жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі бойынша, биыл мектеп табалдырығын 380 мыңнан астам бала аттайды деп күтілуде, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазірдің өзінде болжанған балалар санының шамамен 84 пайызы мектепке қабылданған.
Бірінші сыныпқа баратындар саны Түркістан, Алматы облыстары мен Астанада көп екен.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.