Malim.kz
Қоғам

4 күнге туыстарына кеткен әйел күйеуіне қатысты күтпеген оқиғаның үстінен түсті (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Көкшетау қаласында тұрғынның туыстарына барып келгеннен кейін өз пәтеріне кіре алмай қалуына байланысты полиция көмегі қажет болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қаңтар күні сағат 21:50 шамасында кезекші бөлімге әйел адам қоңырау шалып, пәтеріне кіре алмай жатқанын айтып, көмек сұраған. Оның сөзінше, күйеуі 15 қаңтардан бері байланысқа шықпаған. Өзі бірнеше күнге туыстарына кеткен, ал қайта оралғанда есіктің іштен жабық тұрғанын және қоңырауларға ешкім жауап бермегенін байқаған.

Оқиға орнына жедел түрде Көкшетау қалалық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары Қуат Қажымов пен Еркін Жүсіпбеков жеткен. Алдымен тәртіп сақшылары әйелдің Төтенше жағдайлар қызметіне жүгінген-жүгінбегенін нақтылаған. Алайда ол есіктің бүлінуінен және кейін жөндеуге қаражаты жетпейтінінен қауіптеніп, ол қызметке хабарласпағанын айтқан.

Өтініш иесінің жағдайын және адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін ескерген полицейлер стандарттан тыс шешім қабылдауға мәжбүр болған. Өз қауіпсіздіктерін қатерге тігіп, олар үшінші қабаттағы көрші балкон арқылы пәтерге кірген. Бұл сәт бейнежазбаға түсірілген.

Пәтер ішіне кіргенде ер адам ұзақ уақыт үн қатпағанымен, көп ұзамай оның аман-есен екені белгілі болды. Ол жай ғана қатты ұйықтап жатқан болып шыққан. Соған қарамастан, полицейлер бұл жағдайда кешігу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін болғанын атап өтті.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары