Синоптиктер ертең, сәрсенбі, 2025 жылғы 4 маусым күні, Қазақстанның барлық аумағында найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады деп болжам жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ауа райының күрт нашарлауы туралы "Қазгидромет" РМК ұсынған болжамда айтылған:
Циклон мен оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы, бұршақты жаңбыр әкеледі. Елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл болуы ықтимал.
Сонымен қатар, гидрометорталық келесі аймақтарда жоғары өрт қаупі бар екенін хабарлады:
- Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары;
 - Ұлытау облысы;
 - Қарағанды облысының батысы, шығысы мен оңтүстігі;
 - Ақмола облысының батысы, оңтүстігі және орталығы;
 - Атырау облысының солтүстік-батысы мен шығысы;
 - Қостанай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысы;
 - Павлодар облысының солтүстік-батысы мен орталығы;
 - Түркістан облысының орталығы;
 - Алматы облысы;
 - Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі;
 - Абай облысының оңтүстік-батысы мен орталығы.
 
Сондай-ақ, өте жоғары (төтенше) өрт қаупі күтіледі:
- Қызылорда облысында;
 - Түркістан облысының солтүстігі, батысы, оңтүстігі және таулы аймақтарында;
 - Жамбыл облысының батысы, шығысы және таулы аудандарында;
 - Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында;
 - Атырау облысының оңтүстігі, солтүстігі және батысында;
 - Алматы облысының батысы мен солтүстігінде;
 - Маңғыстау облысының батысында;
 - Қостанай облысының оңтүстігінде;
 - Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының кейбір аудандарында (солтүстігі мен шығысы).
 
Фото: pixabay.com