Malim.kz
Экология

41 градус ыстық: 25 маусымға арналған ауа райы болжамы

Арман Қайыпхан
Фото: iStock

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыз құбылыстары күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар және Қостанай облыстарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және желдің күшеюі болжанады.

Алматы облысында, Жетісу облысында, сондай-ақ Жамбыл және Түркістан облыстарының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Сонымен қатар еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа температурасы 35–41°С-қа дейін көтеріліп, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

ТЖМ азаматтарға ауа райы болжамдарын бақылап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және қолайсыз ауа райы кезінде ашық ауада болуды шектеуге кеңес береді.

Дауылды ескерту сақталады:

22-24 маусымда күндіз Ұлытау, Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында 30-38 градус қатты ыстық күтіледі, 22 маусымда Ұлытау облысының оңтүстігінде, 22-23 маусымда Қарағанды, Павлодар облыстырының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

22-24 маусымда күндіз Абай облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

22-30 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысында 30-38 градус қатты ыстық сақталады.

22-30 маусымда күндіз Алматы, Жетісу облыстарында  30-38 градус қатты ыстық сақталады, 23-24 маусымда Алматы облысының солтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Қатты және өте қатты ыстықтың болжануына байланысты облыстардың басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Дауылды ескертулер күтіледі:

25 маусымда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с.

Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қ.: 25 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

Көкшетау қ.: 25 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

25 маусымда түнде Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігіндеекпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Петропавл қ.: 25 маусымда жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

25 маусымда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қ.: 25 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

25 маусымда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл, облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қ.: 25 маусымда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

25 маусымда түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өскемен қ.: 25 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

25 маусымда Абай облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт каупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Семей қ.: 25 маусымда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

25 маусымда түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 екпіні 23 м/с.

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар қ.: 25 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

25 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай қ.: 25 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

25 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 25 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев қ.: 25 маусымда батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 25 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

25 маусымда Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың шығысында, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қ.: 25 маусымда таңертең және күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

25 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.                                                                

25 маусымда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

25 маусымда Қызылорда облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қ.: 25 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

25 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

25 маусымда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қ.: 25 маусымда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

25 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында тұман күтіледі.

Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтау қ.: 25 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде тұман күтіледі.

Жоғары өрт қаупі сақталады.

25 маусымда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде  жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с.

Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қ.: 25 маусымда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары