Malim.kz
Қоғам

43 градусқа дейін ыстық: Қазақстанның 17 өңіріне ескерту жасалды

Арман Қайыпхан
Фото: magnific.com

25 шілдеде Қазақстанның 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше:

Қостанай облысының оңтүстігінде аптап ыстық 41 градусқа дейін жетеді. Солтүстік, шығыс өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Облыс бойынша 35–38 градус ыстық сақталады.

Атырау облысында күндіз ауа температурасы 40–43 градусқа, Атырау қаласында 40–42 градусқа дейін көтеріледі.

Ұлытау облысында 35–39 градус ыстық болжанып, өңірдің оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Батыста жоғары, шығыс пен оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында шаңды дауыл, 38–42 градус аптап ыстық және екпінді жел болжанады.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. 25–27 шілде аралығында өңірдің бірқатар бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі. Шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында 25–27 шілдеде 35–39 градус ыстық болады. Өңірдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысында оңтүстік пен таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және тұман күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және 41–42 градусқа дейінгі аптап ыстық болжанады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және тұман болжанып отыр.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. 35 градус ыстық сақталады. Алматы және Қонаев қалаларында да төтенше өрт қаупі жарияланған.

Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары