11 тамызда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріліп, найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды дауыл күтіледі. "Қазгидромет" мәліметінше, көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Malim.kz.
Астанада күндіз ауа температурасы +36…+38°C болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысында күндіз батыс, солтүстік және орталық аудандарда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы +35…+39°C болады. Батыста төтенше, орталық пен оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Алматы облысының оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай, таулы аудандарда қысқа мерзімді жауын күтіледі. Күннің екінші жартысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +35…+38°C болады.
Алматыда күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі. Іле Алатауы тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы бөліктерінде қатты жаңбыр мен бұршақ болуы ықтимал.
Қонаевта күндіз +35…+37°C ыстық болады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз +40…+42°C аптап ыстық болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы +40°C болады.
Түркістанда күндіз +40…+41°C ыстық және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ұлытау облысында күндіз батыс пен солтүстікте жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +35…+39°C болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазғанда +37…+39°C ыстық күтіледі.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз +35…+38°C болады. Жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Қарағандыда күндіз +35°C ыстық болады.
Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз +35…+36°C болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырауда да жаңбыр мен найзағай күтіліп, ауа температурасы +35…+36°C болады.
Павлодар облысының батысында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +35…+38°C ыстық болады.
Павлодарда +35…+37°C және жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-18 м/с болады. Оңтүстікте күндіз +35…+37°C ыстық. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында күндіз +35…+37°C болады. Батыс пен орталықта жоғары, оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде +35°C ыстық күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады, ал солтүстік-шығысында қауіп деңгейі жоғары болады.
Қостанай облысының батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр және найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанайда жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстікте кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел 15-20 м/с, ал оңтүстікте кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді.
Петропавлда жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +35…+37°C болады. Бірқатар ауданда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде ауа температурасы +35°C-қа жетеді.
Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +38…+42°C ыстық болады.
Ақтауда +38…+39°C және жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз +38…+40°C аптап ыстық болады.
Таразда +38°C және төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Алакөл маңында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз +35…+38°C болады.
Талдықорғанда +36…+38°C ыстық және төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қызылорда облысында ең жоғары температура тіркелуі мүмкін. Күндіз солтүстік пен орталықта шаңды дауыл болады. Жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы +40…+44°C-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылордада күндіз +42…+44°C аптап ыстық күтіледі.