Malim.kz
Қоғам

5 шілде елдің бірқатар өңірінде нөсер жаңбыр жауады

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

5 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамынша, ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады.

Солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде қатты жаңбыр күтіледі. Ал елдің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін және одан да жоғары болуы ықтимал.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында және Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында күндіз ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін көтеріледі.

Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Сондықтан тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ұсынылады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары