Malim.kz
Экология

5 желтоқсанда тұман, көктайғақ және бұрқасын күшейеді

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

5 желтоқсанда еліміздің бірнеше облысында ауа райы нашарлап, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 05-06 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының шығысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман. Жезқазған қ.: 05 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қарағанды облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Қарағанды қ.: 05 желтоқсанда жолдарда көктайғак күтіледі. Кей уақыттарда тұман.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Астанада көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 05 желтоқсанда батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында қар, облыстың солтүсігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүсігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Өскемен қ.: 05 желтоқсанда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысыда, солтүсігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Семей қ.: 05 желтоқсанда түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 05 желтоқсанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с.

Жамбыл облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 05-06 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ: 05 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 05 желтоқсанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 05 желтоқсанда тұман күтіледі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ.: 05 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістан қ.: 05 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары