Malim.kz
Қоғам

50 жасқа толған Тамара Асар Тоқаевтан құттықтау хат алды

Мадияр Қапанбек
ашық дереккөзден

Қазақстанның халық әртісі Тамара Асар мерейтойына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан арнайы құттықтау хат алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, Мемлекет басшысына көрсеткен құрметі үшін ризашылығын білдірді.

Әншінің айтуынша, Президенттің құттықтау хатын оған Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстаған.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан туған күніме және мерейлі жасыма арналған арнайы құттықтау хат алдым. Оны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстады. Бұл мен үшін айрықша құрмет болды", – деп жазды Тамара Асар.

Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі 16 шілдеде 50 жасқа толды. Бұған дейін оның депутаттыққа кандидат ретінде тіркелгені хабарланған еді.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары