Қазгидромет мәліметінше, 6 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Кей аймақтарда қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады. Таулы және оңтүстік өңірлерде тұман түсіп, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.
Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алкөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Астанада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ.: 06 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 06 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қ.: 06 қарашада таңертең және күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 06 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Алматы қ.: 06 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақмола облысында қар, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Көкшетау қ.: 06 қарашада қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі.Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысында қар күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 06 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және тәңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, қөқтайғақ. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Петропавл қ.: 06 қарашада түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, қөқтайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.