Қазақстанның бірнеше өңірінде 6 желтоқсанда қолайсыз ауа райы сақталады: кей облыста қар мен жауын-шашын, көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын болжанса, ал кейбір аймақта желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Көкшетау қ.: 06 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылорда қ: 06 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 06 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүсігінде 15-20 м/с. Өскемен қ.: 06 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашан (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Орал қ.: 06 желтоқсанда тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Қарағанды қ.: 06 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғак күтіледі. Кей уақыттарда тұман.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 06 желтоқсанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде аздаған қар, күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қ.: 06 желтоқсанда күндіз көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ.: 06 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 06 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. 05-06 желтоқсанда оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.