Malim.kz
Экология

7 наурызға арналған ауа райы жарияланды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 7 наурызда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Талдықорғанда түнде және таңертен тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Астанада түнде аздаған қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (негізінен қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Жезқазғанда тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматыда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15 м/с. Қонаевта түнде жолдарда көктайғақ күтіледі. Кей уақытта тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 07 наурызда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Ақтөбеде күндіз көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда түнде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістан қ.: 07 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде туман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қостанайда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Петропавлда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз 25 м/с.

Батыс Қазақстан облысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оралда аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, түнде көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Көкшетауда түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары