Malim.kz
Қоғам

"7 сағатқа жуық ота жасады": Танымал журналист Аман Тасыған отбасына қатысты шұғыл хабарды айтты (ФОТО)

Мадияр Қапанбек
Arasha.kz коллажы

Белгілі журналист Аман Тасыған әлеуметтік желідегі парақшасында әкесінің денсаулығына қатысты алаңдатарлық хабарын бөлісті, деп Malim.kz тілшісі Arasha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналист Instagram сторисінде әкесіне аса ауыр әрі қауіпті операция жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, хирургиялық ота шамамен жеті сағатқа созылып, өте күрделі жағдайда өткен.

"Әкеме 7 сағатқа жуық ота жасады. Операция өте күрделі әрі қауіпті болды", – деп жазды ол.

Сонымен қатар Аман Тасыған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне кәсібилігі үшін, сондай-ақ қолдау білдірген барша жанға ризашылығын жеткізді. Оның сөзінше, Алланың қалауымен тоқтаған жүрек қайта соғып, өмір жалғасын тапқан.

"Алланың арқасында, Құдайдың құдіретімен тоқтаған жүрек жұмысын жалғастырды. Сондықтан мың шүкір жаратқанға", – деді Аман Тасыған.

Ол бұл түннің өзі мен отбасы үшін аса ауыр болғанын да жасырмады.

"Кеше мен үшін ғасырдан да ұзақ түн болды…", – деп түйіндеді ол.

Әлеуметтік желі қолданушылары журналистке қолдау білдіріп, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жолдап жатыр.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары