Malim.kz
Қоғам

88,7 млн теңге: Министр Серік Жұманғарин әйелінің табысын жариялады

Арман Қайыпхан
Фото: Үкімет

ҚР Ұлттық экономика министрлігі сайтында лауазымды тұлғалардың, оның ішінде ведомство басшысының табысы туралы мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі сайтында ҚР премьер-министрінің орынбасары - ҚР Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен оның жұбайы Сәния Садықованың табыстары туралы есеп жарияланды.

Келтірілген мәліметтер 2024 жылғы есептілік салық кезеңіне жатады.

"Жалпы сомасы: 88 678 984 теңге - бағалы қағаздар нарығына инвестиция салудан түскен табыс (алынған дивидендтер мен сыйақылар)", делінген құжатта.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары