Malim.kz
Қоғам

9 адам зардап шекті: Алматыда тағы да автобус апаты болды

• Берік Дәулетов

Бүгін таңертең Алматыда жүк көлігі мен жолаушылар автобусының соқтығысты. Салдарынан тоғыз адам зардап шекті, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі апат Наурызбай ауданында сағат 09:15-те болғанын мәлімдеді.

Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде, аялдама кешеніне тоқтаған №137 маршруттық автобуспен соқтығысқан. Соқтығысу кесірінен автобус инерция арқылы Шығыс жолға шығып, жеке үйдің қоршауына соғылды. Апат салдарынан автобустың тоғыз жолаушысы зардап шекті, - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Еске салсақ, қалада бұған дейін де автобус апаты болып, жүргізуші қамауға алынған еді.

Фото: t.me/almatynews_kaz/

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары