Malim.kz
Қоғам

Абай облысында 159,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Айбын Атабай
Gov.kz

Бүгінде облыс бойынша 30 мыңға жуық адам тұрғын-үй кезегінде тұр. Өңір тұрғындарын баспанамен қамту туралы толығырақ облыс әкімі Берік Уәли баяндап берді, деп хабарлайды Malim.kz.  

Жыл басынан облыс бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 194 млрд теңгені құрады, 159,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықтың әлеуметтік осал тобын тұрғын үймен қамту үшін биыл 1 146 жалға берілетін пәтер сатып алуға 23,3 млрд теңге бөлінді. Бүгінге қала мен аудан әкімдіктері 213 пәтер сатып алды. Сонымен қатар, Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында биыл 21,6 мың шаршы метр 4 несиелік тұрғын үй (280 пәтер) пайдалануға берілді, тағы 13 үй құрылысы жүргізіліп жатыр (776 пәтер), — деді Берік Уәли орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп бере тұрып.

Облыс басшысы келтірген мәліметке сүйенсек, бүгінде тұрғын-үй кезегінде 30 мыңға жуық адам тұр, оның ішінде Семей қаласы бойынша — 20,5 мың адам.

— Осы мәселені шешу үшін қаланың тарихи орталығындағы инфрақұрылымның тозуын, жаңа құрылыс үшін бос алаңдардың тапшылығын ескере келе, әкімшілік-іскерлік орталықты орналастыра отырып, жаңа тұрғын ауданын құру ұсынылды. Бұл Семей қаласындағы якорлық жоба болып, өңірдің өсуі мен урбанистикалық дамуының жаңа қозғаушы күшіне айналады. Тұрақты жұмыс орындары ашылып, өңірге қомақты инвестиция тартылады. Баспана кезегін азайтып, халықтың сұранысын қамтамасыз ету мақсатында Семей қаласының бас жоспарына түзетулер енгізіліп жатыр, — дейді өңір әкімі.

Айта кетсек, Абай облысында жыл соңына дейін 10 ауыл интернетке қосылады. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары