Malim.kz
Қоғам

Абай облысында 2 ер адам құтқарылды

Malim Админ

Кеше кешкі сағат 9-да «112» пультіне Абай облысы Ақсуат ауданындағы Тебіске өзенінде жүк көлігі кептеліп қалғаны, 4 ересек адам мен 1 баланы эвакуациялау қажет екендігі туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға орнына түнде келген құтқарушылар кептеліп қалған көлікті өзеннен сүйреп шығарды. Көлікте 1964 және 1974 жылы туған екі ер адам болған.

Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында азаматтар құтқарылып, Ақсуат ауылына аман-есен жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Фото: ТЖМ

Malim Админ
Автордың басқа материалдары