Malim.kz
Қоғам

Абай облысында әйел ТЖМ авиациясымен Семейге жеткізілді

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы Аягөзден Семейге санитарлық рейс орындады, деп хабарлайды Malim.kz.

1959 жылы туған әйелге қажетті медициналық көмек көрсету үшін облыс орталығына шұғыл жеткізілді. Жол шамамен 300 км құрады.

Ұшу штаттық режимде өтті. Науқас медицина қызметкерлеріне тапсырылды және мамандар бақылауында.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары