Malim.kz
Қоғам

Абай облысында антитеррорлық оқу-жаттығу өтеді

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Абай облысының тұрғындарына антитеррорлық оқу-жаттығу туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Malim.kz.

12-15 мамыр аралығында Бесқарағай, Жаңасемей және Бородулиха аудандарында «Қанжар-Антитеррор-2026» жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өтеді. Бұл туралы Абай облысы полиция департаменті хабарлады.

Оқу-жаттығу кезінде іс-шара өтетін аумақтар мен кейбір нысандардың маңында уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Тұрғындардан сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сену және жалған мәлімет таратпау сұралды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары