Malim.kz
Қоғам

Абай облысында өрт туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

2026 жылғы 3 наурызда Семей қаласындағы «Balapark» балалар ойын-сауық орталығында өрт болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жедел қызметтердің уақытылы әрекет етуінің арқасында адам шығыны тіркелмеді.

Соған қарамастан, қала тұрғыны «Instagram» әлеуметтік желісіндегі пабликтердің бірінде өрт салдарынан 18 адам қаза тапқаны туралы жалған ақпарат жариялаған.

Мұндай жалған мәліметтердің таралуы тұрғындар арасында негізсіз үрей туғызып, қоғамдық тәртіпке кері әсер етуі мүмкін еді.

Құқық қорғау органдары тұрғынның жеке басын жедел анықтап, оған қатысты әкімшілік іс қозғады.

Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. 2026 жылғы 18 наурыздағы сот қаулысымен ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары