Malim.kz
Қоғам

Абай облысында жоғалған ер адам бес күннен кейін аман табылды

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Абай облысында жоғалған малшыны ТЖМ қызметкерлері бес күннен кейін тірі күйінде тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

17 наурыз күні 1969 жылы туған ер адам Абай ауданындағы шаруа қожалығынан мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Оның қайда екені белгісіз болып, ұялы телефоны сөндірулі болған.

Іздеу жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылып, жоғары өтімді техника қолданылды.

Бүгін таңертең іздеу тобы ер адамды далада тауып алды. Оған алғашқы көмек көрсетіліп, ыстық шай берілді. Сынған аяғы таңылып, әрі қарай медициналық көмек алу үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді.

Белгілі болғандай, бес күн бұрын ол құлаған атты көріп, көмектеспек болған. Сол сәтте аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Кейін жануар кетіп қалып, ер адам далада жалғыз қалған. Осы уақыт ішінде ол қар жеп күнелткен. Ауа райының салыстырмалы түрде жылы болуы оның үсіп кетуіне жол бермеген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары