Malim.kz
Қоғам

Абай облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Арман Қайыпхан

Абай облысында бір күн ішінде болған түрлі жол-көлік оқиғалары салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

«3 қазанда Омбы–Майқапшағай тасжолында адам өлімімен аяқталған жол апаттары тіркелді. Қайғылы жағдайлардың басты себептері – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу: қарсы бағытқа шығу және тұтас сызық бар жерде бұрылу. Соның салдарынан төрт адам қаза тапты», – делінген хабарламада.

Абай облысының Полиция департаменті барлық жүргізушілер мен жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады:

«Рөлде аса мұқият әрі жауапты болыңыздар. Үйде сіздерді жақындарыңыз күтіп отыр», – деп ескертті ведомство.

Фото: Абай облысы ПД

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары