Malim.kz
Қоғам

Абайдағы төтенше жағдай: Өрт сөндірушілер үлкен апаттың алдын алды

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Қарағанды облысының Абай қаласындағы Ержанов көшесінде орналасқан барак үлгісіндегі төрт пәтерлі тұрғын үйдің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер үй ішінде пеш маңында жиналған пайдаланылған заттардың жанғанын анықтады.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің нәтижесінде өрт толықтай сөндіріліп, жалынның көршілес пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Өртті сөндіру барысында мамандар үй ішінен газ баллонын қауіпсіз жерге шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды. Зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Үй иесі құтқарушылардың кәсіби жұмысына алғысын білдірді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары