Әлеуметтік желіде танымал актер Қуандық Шәкіржановтың жас жігітпен төбелесіп қалған сәті бейнеленген видео тарап, жұрт назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Алайда видеодағы оқиғаның нақты өмірде болғаны ма, әлде кинотүсірілім кезіндегі эпизод па – әзірге белгісіз. Бұл бейнежазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылауға себеп болды.
Пікір білдірушілердің бір бөлігі актердің әрекетін әдепсіздік деп бағаласа, енді бірі оның бұл қылығы түсірілімнің бір бөлігі болуы мүмкін деген болжам айтты.
"Ағамыз неге сонша ашуланды екен?" – десе, "Өте жақсы актер, өмірде әртүрлі жағдай болады, асығыс сын айтуға болмайды", – деп оны қорғағандар да табылды.
Дегенмен желідегі пікірлердің басым бөлігі теріс бағытта болды:
"Қуандық мырза ұят болды ғой", "Адам сыйлағанды білмейді екен", "Абыройдан жұрдай болды-ау", "Жас жігітті ұрғаны несі, өзі үлкен деп аяп тұр ғой", – деген секілді пікірлер жиі жазылды.