Malim.kz
Әлем

Адамзат алтын мен күміске лап қойды. Дубайдан Нью-Йоркке дейінгі жұрт алтын мен күмісті сыпырып жатыр

Ереке Базарқұл
ФОТО: ©forbes.kz

Алтынның 1 грамының бағасы алғаш рет 180 АҚШ долларынан асып түсті. Бұл туралы RBC басылымы хабарлайды.

Чикаго тауар биржасы (CME) бүгін (29 қаңтар) ашыла сала, алтынның келесі айға фьюсерстік бағасы бірден 6.09% көтеріліп, 1 унциясы 5626.8 $ құрады. Астана уақытымен сағат 5:00 шамасында бағаның өсімі 5.05% шамасына тұрақтап, унциясы 5571.4 $ сатыла бастады.

Күміс те қалысатын емес. Оның бағасы 1 унциясына 119.51$ жетті.

Екі металдың да өсімін сарапшылар Трамптың Иранға қатысты мәлімдемелерімен байланыстырып отыр. Бұған қоса, доллардың әлсіреуі де әсер еткені туралы да айтылып жатыр. Басқа жағынан, АҚШ-тың Федерация Резерв Жүйесінің жаңа басшысы кім болатыны да қобалжытып, "отқа май құйып отыр" дейді нарық шолушылары.

Дәл осы уақытта жиһанкездер де әлемнің әр түкпірінен алтын мен күміске сұраныстың жоғары екенін хабарлауда. Мысалы, Дубайдың әйгілі алтын құйма дүкендерінде алтынды еш саудасыз сатып ала салып жатқан кісі қарасы көп деген расталмаған ақпарат тарады.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары