Malim.kz
Шоу-бизнес

"Әдебімізді ұмытпайық": Мөлдір Мұқанның қыздарының жаңа образы талқыға түсті

• Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: instagram - adema.tursinbekkyzy / ЖИ арқылы өңделген

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанның қыздары Әдемі мен Айымның әлеуметтік желіге жариялаған видеосы қызу талқыланды. Олардың аққу бейнесіндегі киім үлгісіне қатысты оқырмандардың пікірі екіге бөлінді, деп хабарлайды Malim.kz.

Әдемі мен Айым Instagram парақшасында жаңа образдарын көрсеткен видео бөліскен. Бірі ақ, екіншісі қара түсті киім таңдаған қыздардың бейнесі желі қолданушыларының назарын аударған.

Жарияланым астында кейбір оқырман олардың киім үлгісін сынап, бұрынғы образына қатысты пікір білдірген.

"Әдебімізді ұмытпайық", "Қазақтың қызы, жабық киінеді деп мақтап едік. Енді көпке еріп киінетін болдыңыздар ма?", "Жетісіңдер", – деп жазған пікір қалдырушылар.

Сонымен қатар қыздарға қолдау білдіріп, жаңа образдарын ұнатқан оқырмандар да бар. Олар Әдемі мен Айымның келбетін мақтап, жылы лебіздерін жеткізген.

"Күшті ғой, несі жаман? Жас болғанда билемедіңдер ме?", "Браво, керемет!", "Сұлулар", – деген пікірлер қалдырған желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін біз Мөлдір Мұқанның қыздары Айым және Әдемімен бірге концертте билеген видеосы да талқыға түскенін жазған едік⁠. Сол кезде де жарияланымға қатысты сынмен қатар, отбасына қолдау білдірген пікірлер айтылған.

Мөлдір Мұқан кім?

Мөлдір Мұқан – қазақстандық продюсер әрі әнші, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы. Екеуінің ортақ бес баласы бар. Ол әлеуметтік желіде шығармашылық жаңалықтарын, балаларының жетістіктерін және күнделікті өмірінен сәттерді бөлісіп тұрады.

Негізгі мамандығы – экономист. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Кейін балаларға арналған "ММ" өнер мектебін ашып, шығармашылық пен продюсерлік жұмысқа бет бұрған.

Мөлдір бала кезінен өнерге жақын болып, бауырларымен бірге отбасылық ансамбльде өнер көрсеткен. Баян, домбыра және фортепианода ойнайды. Кейінгі жылдары әндерін тыңдарманға ұсынып, актерлік бағытта да бағын сынап жүр.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары