freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Ел қара жамылып отыр": Мөлдір Мұқанның концерттегі биі сынға қалды

Шоу-бизнес •
"Ел қара жамылып отыр": Мөлдір Мұқанның концерттегі биі сынға қалды
Фото-коллаж: видеодан скриншот

27 қыркүйекте Астанада Қайрат Нұртастың концерті өтті. Кешке барған продюсер Мөлдір Мұқан қыздары Айым және Әдемімен бірге билеген видеосын Instagram-ға жариялады. Желі қолданушыларының бір бөлігі Маңғыстаудағы әскери қызметшілер қазасынан кейін мұндай көңілді сәтті көпшілікке көрсетуді орынсыз деп санайды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Видеоның астына жазылған пікірлердің бірінде: "Елде осындай қайғылы жағдай болып жатқанда, концерт өткізу өте өкінішті. Кеше ғана қыршын кеткен боздақтарымызды жер қойнына тапсырдық", – делінген. Тағы бір оқырман: "Мөлдір қыз, қыдырсаң да, билесең де, елдегі қаралы жағдайды ескеріп, видеоларыңды жас кеткен боздақтардың жетісі өткен соң жүктеуге болар еді", – деп жазған.

Пікір қалдырғандар концерттің өтуін де, одан түсірілген бидің жариялануын да сынға алды. Олардың сөзінше, әскери қызметшілердің отбасылары аза тұтып жатқан кезде көпшілікке танымал адамдар қайғыға ортақ екенін ісімен көрсетуі керек. Кейбірі Мөлдір Мұқан мен қыздарына қарата ауыр сөздер жазған. Дегенмен пікірлердің бәрі бірдей сын емес: видео астында отбасына жылы лебіз білдірген оқырмандар да бар.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Ауа райы күрт нашарлап, әскери қызметшілерді Каспий теңізіне алып кеткен. Қаза тапқандарға байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мөлдір Мұқан кім?

Мөлдір Мұқан – қазақстандық продюсер әрі әнші. Ол әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен бірге құрған отбасы арқылы да көпшілікке танылды. Бес баланың анасы әлеуметтік желіде шығармашылығы мен отбасындағы жаңалықтарды бөлісіп тұрады. Биыл оның тұңғыш қызы Әдемі Дубайдағы жоғары оқу орнын тәмамдаған. 

Соңғы уақытта Мөлдір Мұқан әншілікпен де айналысып жүр. Тамыз айында ол отандық телеарна түсіретін жаңа телехикаяға қатысу туралы ұсынысты қабыл алғанын хабарлады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу