freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

25 қыркүйек – жалпыұлттық аза тұту күні

MALIMet
25 қыркүйек – жалпыұлттық аза тұту күні
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні болып белгіленді.

Жалпыұлттық аза тұту әскери қызметшілердің қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болуына байланысты жарияланып отыр.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ауа райының күрт нашарлауынан 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Кейін тоғыз әскери қызметшінің қаза тапқаны расталды. Үш әскери қызметші құтқарылып, қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу