freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда тоғыз әскери қызметші қаза тапты

Оқиға
Маңғыстауда тоғыз әскери қызметші қаза тапты
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болды. Алдын ала мәлімет бойынша, Каспий теңізінің жағалауында 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен, деп Malim.kz тілшісі, Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 24 қыркүйекте Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған. Ведомствоның хабарлауынша, әскери қызметшілер оқу-жауынгерлік тапсырманы орындап жатқан сәтте ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан оларды теңізге алып кеткен.

Алдын ала ақпарат бойынша, барлығы 19 әскери қызметші теңізге кеткен. Қазіргі уақытта тоғыз әскери қызметшінің қаза тапқаны расталды.

Үш әскери қызметші құтқарылған. Олардың біреуі ауруханаға жеткізілді. Қалған әскери қызметшілерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиға орнына Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов бастаған комиссия шұғыл аттанған.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу