Malim.kz
Экология

Аяз, көктайғақ: 12 наурызға ауа райы болжамы

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Қазгидромет 12 наурызда еліміздің барлық өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Қарағандыда қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысында қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. Павлодарда қар жауады, бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, тау аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз күтіледі. Алматыда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с. Қонаевта кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығтыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда тұман түседі. Түркістанда кей уақыттарда тұман болады.

Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде қар, бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семейде қар, бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман. болады. Оралда түнде және таңертең көктайғақ болады. 

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскеменде күндіз қар, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында қар, бұрқасын, облыстың солтүстігінде аздаған қар, бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Қостанайда түнде аздаған қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Қызылордада кей уақытта тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында тұман түседі.

Ақмола облысында қар жауады, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ болады. Көкшетаудатүнде қар жауады, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман болады.

Астанада кей уақыттарда қар, бұрқасын болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары