Malim.kz
MALIMet

Аяз, тұман және қатты жел: 25 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

• Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz / ЖИ арқылы жасалған

25 қазанда еліміздің бірқатар өңірінде түнгі аяз сақталып, тұман түседі. Батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл көтеріліп, оңтүстік-шығыста жел күшейеді, деп хабарлайды Malim.kz. Қазгидрометтің қалалар мен облыстарға арналған болжамын ұсынамыз.

Астанада жауын-шашын жаумайды. Түнде −3…−5°C, күндіз +6…+8°C болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метрге жетеді.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде −2…−4°C, күндіз +6…+8°C болады. Оңтүстік-батыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады.

Шымкентте жауын-шашын болмайды. Түнде +3…+5°C, күндіз +14…+16°C күтіледі. Топырақ бетінде −2°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз болады. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Түнде −3…−8°C, шығысында +1°C, күндіз +6…+11°C күтіледі. Батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақтөбе облысында жауын-шашын жаумайды. Түнде −4…−9°C, оңтүстігінде −1°C, күндіз +10…+15°C болады. Шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз оңтүстікте секундына 15 метрге жетеді.

Алматы облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде −1…−6°C, тауда −6…−11°C болады. Күндіз +5…+10°C, таулы аудандарда −4…+1°C күтіледі. Шығысында, орталығында және тауда желдің екпіні секундына 17–22 метрге жетеді.

Атырау облысында түнде 0…+5°C, шығысында −4°C, күндіз +11…+16°C болады. Жауын-шашын жаумайды. Күндіз батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл көтеріліп, шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде −1…−6°C, батысы мен оңтүстігінде +3°C, күндіз +11…+16°C күтіледі. Жауын-шашын болмайды. Солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан соғатын жел кей жерлерде секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысында жауын-шашын жаумайды. Батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде −2…−7°C, күндіз +8…+13°C болады. Солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде −2…−7°C, солтүстігінде +2°C, күндіз +4…+9°C күтіледі. Жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады.

Павлодар облысында түнде −1…−6°C, күндіз +2…+7°C болады. Жауын-шашын жаумайды. Батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5–10 метр болады.

Қарағанды облысында түнде −6…−11°C, оңтүстігінде −2°C күтіледі. Күндіз +2…+7°C, шығысында −1°C болады. Жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ұлытау облысында түнде −4…−9°C, күндіз +5…+10°C болады. Жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Шығыстан соғатын жел күндіз оңтүстікте секундына 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Абай облысында жауын-шашынсыз болады. Түнде −5…−10°C, күндіз 0…+5°C, оңтүстігінде +8°C күтіледі. Облыстың орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде −3…−8°C, солтүстігінде, шығысында және тауда −13°C-қа дейін суытады. Күндіз −1…−6°C, солтүстік-батысында +2°C болады. Жауын-шашын жаумайды. Солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады.

Жетісу облысында түнде −4…−9°C, тауда −13°C, күндіз +3…+8°C, таулы аудандарда −3°C күтіледі. Тауда қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстігінде және таулы аудандарда тұман түседі. Алакөл маңында желдің екпіні секундына 23–28 метрге, кей уақытта 30 метрге және одан да жоғары жылдамдыққа жетуі мүмкін.

Жамбыл облысында түнде −3…−8°C, күндіз +5…+10°C, тауда +2°C болады. Таулы аудандарда түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және тауда желдің екпіні секундына 23–28 метрге жетеді.

Түркістан облысында жауын-шашын жаумайды. Түнде 0…+5°C, солтүстігінде −3°C-қа дейін үсік, тауда −5°C күтіледі. Күндіз +11…+16°C, солтүстігі мен таулы аудандарында +6°C болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде секундына 23–28 метрге жетеді.

Қызылорда облысында түнде 0…+5°C, солтүстігі мен орталығында −3°C-қа дейін үсік, күндіз +8…+13°C күтіледі. Жауын-шашын болмайды. Солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге, шығысында кей уақытта 25 метрге жетеді.

Маңғыстау облысында түнде +3…+8°C, солтүстік-шығысында −2°C, күндіз +13…+18°C, солтүстік-шығысында +10°C болады. Батысында аздаған жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстігінде шаңды дауыл көтеріліп, желдің екпіні кей жерлерде секундына 23 метрге жетеді.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары