Malim.kz
Қоғам

Аяздың беті қайта ма? Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Айбын Атабай
iStockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы тәуліктерде солтүстік антициклонының ықпалы әлсірей бастайды, және республиканың аумағына Атлантикалық циклон жылжи бастайды. Ол тұрақсыз ауа райын алып келеді: жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ, ал солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда қарлы боран мен қар жауып, боран күтіледі.

«Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман сақталады. Температуралық фон да өзгереді: солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде температура 5-15 градус аязға дейін көтеріледі, күндіз 0-5 градус аяз күтіледі. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде 0-5 градус аяз, күндіз 0-8 градус жылы ауа райы болжанады», – делінген синоптиктердің болжамында.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары