БАҚ беттерінде Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл - жалған ақпарат , - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.
Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпаратты теріске шығарды.
Кейінгі уақытта ол Назарбаева деген тегін тастап, қыз кезіндегі тегі – Қонақаеваны қолдана бастаған.
Сара Алпысқызы туралы не белгілі?
Сара Алпысқызы өмір бойы "нағыз бірінші ханым" атанған жоқ – Нұрсұлтан Назарбаев өмірлік серігінің бейнесін ел алдында көрсетуге ұмтылмады. Мәселен, 2015 жылы ол Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветамен кездесуге жұбайын емес, сол кездегі премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған үлкен қызы Дариғаны ертіп барған еді.
Сара Алпысқызының неге көзден таса болғаны кейін белгілі болды – Назарбаев бұл туралы өзінің кітабында жазған. Оның сөзінше, "жүрекке әмір жүрмейді – ол басқа адамды қалаған".
Сара Қонақаева 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен отау құрған. Кейін ол "Бөбек" халықаралық балалар қайырымдылық қорын, "SOS – Қазақстанның балалар ауылдары" қорын құрды және еліміздің білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуге тырысты. Оның бастамасымен мектептерде өзін-өзі тану пәні енгізілді. Алайда бұл идея кейіннен тоқтатылды.
Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie