Malim.kz
Қоғам

Сайлыбаева ісі: адвокат күдіктілердің ұсталғаны жөніндегі ақпаратты теріске шығарды

Айбын Атабай
Қаната Сайлыбаевтың жеке мұрағатынан

Бұрынғы қазақстандық судья Айгүл Сайлыбаеваны өлтірді деген күдікке ілінген Александр және Наталья Донцовтар әлі ұсталған жоқ.

Бұған дейін кейбір БАҚ-та олардың Ресейде ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда адвокат Жанна Уразбахованың айтуынша, бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді.

Оның сөзінше, Донцовтар 2025 жылдың желтоқсан айының соңында тек Қазақстанның іздестіру ісі аясында жеке басын анықтау үшін полицияға жеткізілген, бірақ қамауға алынбаған.

Адвокат сонымен қатар Наталья Донцованың фамилиясын өзгертіп, қазір Василенко тегін қолданатынын айтты.

Қазіргі уақытта Наталья Германия сұрауы бойынша Еуропол желісі арқылы іздеуде, ал екі күдікті де Қазақстан бастамасымен Интерпол арқылы халықаралық іздеуге жарияланған.

Қорғау тарапы Германиядан істі Ресейге беру немесе Ресейде қылмыстық іс қозғау туралы талап қойып отыр. Сонымен бірге Ресейде бұл оқиғаға қатысты тексеру басталғаны хабарланды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары