Malim.kz
Қоғам

«Air Astana» Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты рейстердің бағытын өзгертеді

• Malim Админ

«Air Astana» Иран мен Ирак әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір чартерлік рейстердің бағытына өзгеріс енгізілгенін хабарлайды.

«Атап айтқанда, Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха, Манама және Мединаға рейстер Иран мен Ирак әуе кеңістігін айналып ұшады. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі кестеде өзгеріс болуы мүмкін», - делінген компания ақпаратында.

Фото: airastana.com

Malim Админ
Автордың басқа материалдары