ТЖМ құтқарушылары Аюсай шатқалында жоғалып кеткен қызды жедел тапты, деп хабарлайды Malim.kz.
Алматы қаласының тауларындағы Аюсай шатқалында таулы аймақты патрульдеу барысында ТЖД қызметкерлері ата-анасынан адасып қалған, 2019 жылы туған қызды тапты.
Осы уақытта баласының жанында жоқ екенін байқаған ата-анасы «112» пультіне хабарласқан.
Құтқарушылар қызды анасына тапсырды. Оған медициналық көмек қажет болмады.