Malim.kz
Қоғам

"Әкем мен анам әмеңгерлікпен қосылған": Танымал актриса жеке өмірі жайлы сыр шертті (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Театр және кино актрисасы Лейла Бекназар "Өмір өрнегі" бағдарламасына берген сұхбатында өзінің отбасылық тарихы туралы бұрын айтылмаған мәліметті бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

Актрисаның сөзінше, анасы мен әкесі әмеңгерлік дәстүрі бойынша бас қосқан.

"Анамның алғашқы күйеуі Құдайберген деген азамат болған. Кейін оның өмірден өткені белгілі болды. Ол – менің әкемнің туған інісі екен. Екі бала жетім қалмасын деп анамды әкеме әмеңгерлік жолымен қосқан. Ал әкемнің өзінде бала болмаған. Оның бірінші зайыбы – қырғыз қызы – қайтыс болғаннан кейін, үлкендер "балалар жыламасын" деп анамды әкеме қосыпты. Әкем оларды өзінің туған балаларындай еркелетіп өсірді", – деді Лейло Бекназар.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары